Алғашқыда топтың үшінші мүшесі Сәкен Майғазиев те бұған келіскен. Тек кейіннен шаштаразының кеңесімен ол ойынан бас тартқан. Тіпті, сөзінен айнығаны үшін айыппұл төлеген.
“Бас аман болса, шаш шығады” деп атам қазақ айтпақшы, Мейрамбек пен Кенжебектің шаш үлгілері бұрынғы қалыпқа ақырындап түсіп келеді. Десе де көпшілік қос әншінің жаңа образдарын ұнатпай жатыр. Әсіресе, елдің сүйіктісі Мейрамбек Бесбаевқа сын тағушылар көбейген.
Тыңдармандар Бесбаевтың бұрынғысынан қарағанда әлдеқайда кәрі көрінетінін айтып жатыр. Оның ағарған шашы мен жаңадан қойылған сақал-мұртына жұрт таңдана қарауда.
“Мейрамбек аға, түріңізге не болған? Шашыңызға ақ түскен бе?”, “Мейрамбек аға, сізге шұғыл арықтау керек”, “Бұрынғы түріңізді жақсы көруші едік, қазіргі түріңіз ұнамайды”, “Мейрамбек Бесбаевты танымай қалдым”, “Эх, қазақ аңыздары көз алдымызда қартайып бара жатыр”, “Музарттың” жігіттері сендерге мұндай стиль жараспайды”, “Кішкене өздеріңізге қарасаңыздаршы, өнер адамдарысыз, томпиым бара жатырсыздар”, – деп сын тақты желідегілер.