Мейрамбек Бесбаевтың жаңа образы тыңдармандарға ұнамай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейрамбек Бесбаевтың жаңа образы тыңдармандарға ұнамай қалды

Мейрамбек Бесбаевтың жаңа образы тыңдармандарға ұнамай қалды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алғашқыда топтың үшінші мүшесі Сәкен Майғазиев те бұған келіскен. Тек кейіннен шаштаразының кеңесімен ол ойынан бас тартқан. Тіпті, сөзінен айнығаны үшін айыппұл төлеген.

“Бас аман болса, шаш шығады” деп атам қазақ айтпақшы, Мейрам?

  • 1 Наурыз 2017
  • 2919
Фото - Caravan.kz

Алғашқыда топтың үшінші мүшесі Сәкен Майғазиев те бұған келіскен. Тек кейіннен шаштаразының кеңесімен ол ойынан бас тартқан. Тіпті, сөзінен айнығаны үшін айыппұл төлеген.

“Бас аман болса, шаш шығады” деп атам қазақ айтпақшы, Мейрамбек пен Кенжебектің шаш үлгілері бұрынғы қалыпқа ақырындап түсіп келеді. Десе де көпшілік қос әншінің жаңа образдарын ұнатпай жатыр. Әсіресе, елдің сүйіктісі Мейрамбек Бесбаевқа сын тағушылар көбейген.

музарт-010317

Тыңдармандар Бесбаевтың бұрынғысынан қарағанда әлдеқайда кәрі көрінетінін айтып жатыр. Оның ағарған шашы мен жаңадан қойылған сақал-мұртына жұрт таңдана қарауда.


“Мейрамбек аға, түріңізге не болған? Шашыңызға ақ түскен бе?”, “Мейрамбек аға, сізге шұғыл арықтау керек”, “Бұрынғы түріңізді жақсы көруші едік, қазіргі түріңіз ұнамайды”, “Мейрамбек Бесбаевты танымай қалдым”, “Эх, қазақ аңыздары көз алдымызда қартайып бара жатыр”, “Музарттың” жігіттері сендерге мұндай стиль жараспайды”, “Кішкене өздеріңізге қарасаңыздаршы, өнер адамдарысыз, томпиым бара жатырсыздар”, – деп сын тақты желідегілер.

Соңғы жаңалықтар