Мейрамбек Беспаев коронавируспен ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейрамбек Беспаев коронавируспен ауруханаға түсті

Мейрамбек Беспаев коронавируспен ауруханаға түсті

"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Беспаев Алматыда коронавируспен ауруханаға түсті.

  • 17 Қаңтар 2021
  • 613
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Иә, кеше түсте жедел жәрдем шақырдық. Жағдайы күрт нашарлап кетті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус анықталды", — деді "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай Tengrinews.kz тілшісіне. 

Топ директорының айтуынша, қазір Мейрамбек Беспаев өзін жақсы сезінеді.

"Онымен кеше кешке сөйлестім. Бұл ауруға өзі сенбегенін айтқан. Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады", — деді Жүнісбай. 

Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде танымал қазақстандық музыкант Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған. 2017 жылдың қарашасында Бесбаев өзінің шығармашылық қызметінің 30 жылдығын атап өткен.


Перейти к новостям спорта