Мейрамбек Беспаев: Мархаббаттың шайы тәтті еді, қазір келінімнің шайы бал болып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейрамбек Беспаев: Мархаббаттың шайы тәтті еді, қазір келінімнің шайы бал болып жатыр

Мейрамбек Беспаев: Мархаббаттың шайы тәтті еді, қазір келінімнің шайы бал болып жатыр

Мейрамбек Беспаевтың жуырда ғана қайын ата атанып, келін түсіргені белгілі. Әйтседе көпшілік Мейрамбектің қалайша бірден құда атанып кеткеніне таңқалысып жатыр.

  • 11 Қазан 2016
  • 1162
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арнадағы “Айта берсін” бағдарламасы хабарлайды.

“Көз алдымда өскен бауырым. Өкінішке орай ағам мен жеңгем өмірден озып кетті. Сондықтан әке-шешем өзіңнің балаң сияқты қылып өсіресің деген. Осы келін алатын кезде әке-шешеме айтып едім, олар жолын берді маған. “Келін сенікі. Өзіңнің үйіңе түсіресің” деді. Содан қуанып тойымды жасадым. Үйде қазір келін бар, Құдайға шүкір сәлем салады, әдемі”, – дейді әнші.

Әнші қайын ата бола салысымен, үйге келін келген соң жүріс-тұрысты да түзетуге тура келді деп әзілдеді. Ал жас келін Мейрамбектің қандай тағамдарға қызығатынын да біліп алыпты.


“Қазір сол келін дайындайды. Мархаббат екеуі жарысып істей береді ғой, қайсысының қолы бос деген сияқты. Жасап берген тамақтары көңілден шығып жатыр”, – дейді Мейрамбек.