Мейрамханадан тапсырыс арқылы келген шаурма жігітті шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейрамханадан тапсырыс арқылы келген шаурма жігітті шошытты

Мейрамханадан тапсырыс арқылы келген шаурма жігітті шошытты

Жігіт шаурманы жей бастағанда, ішінен өткір пышақ шыққан.

  • 26 Қыркүйек 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Санкт-Петербург тұрғыны Микаэл Саакянц мейрамханадан тапсырыс берген шаурманың ішінен өткір пышақ шыққанын айтты. 

Ер адам "Яндекс. Еда" онлайн-сервисі арқылы қаладағы мейрамханалардың бірінен шаурмаға тапсырыс берген.

"Қаптамаға оралған шаурманы әкелді. Ашып, жей бастадым. 2-3 рет тістегенде, тіліме өткір зат тиді. Қарасам, пышақ. Есеңгіреп қалдым, абырой болғанда, ешқандай жарақат жоқ", — деп жазды Микаэл фейсбуктегі парақшасында. 

Желі қолданушылары жігітке тұтынушылар құқығын қорғау қызметіне шағымданып, ведомстволық тексерістен кейін сотқа жүгініп, "моралдық зиян" өтеуін талап етуге кеңес берді, деп хабарлады 
5-tv.ru

Кейбір қолданушылар шаурмадағы пышақ "түрмедегі адамға дайындалған сәлем-сауқат" деп топшылаған. 

"Яндекс. Еда" өкілдері істің мән-жайы анықталғанға дейін мейрамхананы қосымшадан алып тастауға уәде етті.

 

Соңғы жаңалықтар