Атышулы Флойд Мейвезер UFC чемпионын нокаутпен жеңді.
Конор МакГрегор қалай болса да сәт сайын соққы жасап қалуға тырысумен болды. Бокс ережесіне сәйкес келсе де, келмесе де қамданып бақты. Тәжірибелі Мейвезер қарсыласының шабуылынан сытылып шығып кетумен болды. Ал кәсіпқой бокс шаршы алаңына алғаш рет шыққан Конордың соңғы раундтарда шаршап қалғаны айқын байқалды. Тоғызыншы раундтағы америкалық боксшының соққылары қарсыласын есеңгіретіп, оныншы раундта Мейвезер техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті.