Мекемеаралық комиссия Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 18-ші экспедицияның негізгі және қосалқы экипаждарын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мекемеаралық комиссия Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 18-ші экспедицияның негізгі және қосалқы экипаждарын бекітті

Мекемеаралық комиссия Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 18-ші экспедицияның негізгі және қосалқы экипаждарын бекітті

Жұлдызды қалашық. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мекемеаралық комиссия Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 18-ші экспедицияның негізгі және қосалқы экипаждарын бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Жұлдызды қалашықтағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 496
Фото - Caravan.kz

Бүгін Мәскеу облысының Жұлдызды қалашығында мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда ғарышкерлер экипаждарының ұшырылым алдындағы дайындығы қорытындыланды.

19 қыркүйекте ғарышкерлер ұшырылым алдындағы емтиханды сәтті тапсырған болатын. «Комиссия ресейлік ғарышкер Юрий Лончаков пен НАСА астронавты Майкл Финктің Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегменті мен «Союз» кораблінің макеттерінде екі күн бойы жүргізілген кешенді жаттығулар кезіндегі жұмыстарына «бестік» баға қойды», — деді Ғарышкерлерді дайындау орталығы бастығының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Юрий Гидзенко. Сондай-ақ, алтыншы ғарыштық турист, астронавт Оуэн Гэрриоттың баласы Ричард Гэрриот та емтиханды табысты тапсырды.

Таныстырылған баяндамалардың негізінде мемлекеттік комиссия Халықаралық ғарыш станциясына баратын негізгі және қосалқы экипажды бекіту туралы шешім қабылдады.

Халықаралық ғарыш станциясына баратын 18 экспедицияның негізгі экипажының құрамында Ресей ғарышкері Юрий Лончаков, американдық астронавт Эдвард Майкл Финк пен ғарыштық турист, 15-ші экспедицияның ғарышкері, АҚШ азаматы Ричард Гэрриот бар.

Қосалқы экипаждың ғарышкерлері ретінде Геннадий Падалка (Ресей), Майкл Баррет (АҚШ), Ник Халик (Австралия) бекітілді.

Ғарышкерлер экипажының 18 экспедициясын «Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар