Мекемеаралық топ Байқоңырдың инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстарын дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мекемеаралық топ Байқоңырдың инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстарын дайындады

Мекемеаралық топ Байқоңырдың инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстарын дайындады

Үкімет қабырғасында құрылған мекемеаралық топ Байқоңыр кешеніндегі ахуалды зерттеп, республика үкіметіне Байқоңырдың инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстарын енгізді. Бұл туралы топтың бас қосуынан кейін ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Азамат Әбдімомынов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қараша 2005
  • 496
Фото - Caravan.kz

«Кеңесте Байқоңыр аумағында қазақ мектеп, балабақша және перзентхана салу сынды әлеуметтік сипаттағы мәселелермен бірге «Қазғарыш» ұлттық компаниясының мүддесіне арналған нысандар салу мәселесі қаралды»,- деді А.Әбдімомынов.

Министр орынбасарының айтуынша, қалада 1200 адамға есептелген мектеп пен балабақшаны қамтитын білім кешенін құру көзделген. Қалалық әкімшілік кешенге арнап жер телімін бөліп берді. Жоба 2007-2008-жылдарда жүзеге асырылады. Перзентхана да осы мерзімде салынбақшы.
Сонымен бірге келер жылы офицерлер үйін жастардың ойын-сауық орталығына айналдырып жөндеу межеленген.
А.Әбдімомыновтың айтуынша, сонымен бірге, Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға мүдделілік танытылып отыр. Алдағы жылдан бастап Мәскеу авиациялық институтында қазақстандық студенттерді оқытуға арналған мемлекеттік тапсырыс 45 грантқа жеткізіледі.

Перейти к новостям спорта