Мекке қаласына таяу жердегі Мина аңғарында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мекке қаласына таяу жердегі Мина аңғарында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

Мекке қаласына таяу жердегі Мина аңғарында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

Мекке қаласына таяу жердегі Мина аңғарында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы елшілігінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 3 Ақпан 2004
  • 1295
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы елшілігінің мәліметтері бойынша, 1 ақпанда таңғы сағат 9-да Мекке қаласы маңындағы Мина тауы етегінде шайтандарға тас ату жоралғысын жүзеге асыру барысында жиналған жамағаттың бір-бірін басып-жаншуы салдарынан 244 адам қаза тауып, 244-і ауруханаларға түскен.

Қаза тапқандардың 36-сы Палестина, 30 — Түркия және 3-і — Сауд Арабиясы азаматтары. Сондай-ақ басқа қаза болғандар арасында Азиялық ұлттардың өкілдері көптеп кездеседі. Олардың есімдері анықталуда.
Елшілік ақпартына сәйкес, Қазақстаннан ұйымдасқан түрде , яғни «Спутник» туристік фирмасы арқылы қажылық сапарға келгендер арасында, сондай-ақ, Король Фахдтың қонақтары, қазақ іскер топтарының өкілдері арасында зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар