Мекке қаласында Бас мүфтидің атынан қазақстандық қажыларға ас берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мекке қаласында Бас мүфтидің атынан қазақстандық қажыларға ас берілді

Мекке қаласында Бас мүфтидің атынан қазақстандық қажыларға ас берілді

Бүгін Мекке қаласында жылдағы дәстүр бойынша ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан қазақстандық қажыларға ас берілді.

  • 21 Қыркүйек 2015
  • 497
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мекке қаласынан қазақстандық «Асыл арна» телеарнасының журналистері Нұрболат Қуанышбекұлы мен Мақсат Еркінбекұлы хабарлады.

Айтулы жиынға 20 компанияның өкілдері, қажылық миссиясының құрамы және қажылық парызын өтеушілер келді. Олардың арасында 9 жылдық тәжірибесі бар "Аңсар круиз" қажылық компаниясының басшылық құрамы мен қажылары бар. Жиын барысында ҚМДБ өкілдері баяндама жасап, имамдар уағыз айтып, қоғам қайраткерлері құттықтауларын жолдады. Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин қажылық туралы жыр шумақтарын оқып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Дәмді астан татып, рухани әңгімелерден сусындаған отандастар мұндай бастамаға дән риза.

Естеріңізге сала кетсек, биыл 4 мыңнан астам отандасымыз қажылық парызын өтеу үшін Меккеге табан тіреді.  Оларға білікті дәрігерлер, теолог-ғалымдар, 100-ге тарта имамдар және журналистерді біріктірген ҚМДБ-ның Қажылық Миссиясы қызмет көрсетуде. "Асыл арна" телеарнасы, «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Шалқар» радиосы, "Нұр.kz" порталы және өзге де БАҚ өкілдері қажылардың тыныс-тіршілігінен ұдайы хабардар етіп отырады.



і
ң
null

Соңғы жаңалықтар