Меккеде 5 отандасымыз қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меккеде 5 отандасымыз қаза тапты

Меккеде 5 отандасымыз қаза тапты

Қажылық сапарға кеткен отандастарымыздың елге оралуы 12 қазанға дейін жалғаспақ. Шетелдік әуе компаниясы ақыры сыйымдылығы 500 адамға жететін қосымша үлкен ұшақты пайдалануға берді. Бұған дейін қажылар 1 ғана ұшақпен тасымалданып келген. Қазір Сауд Арабиясында қалған қазақстандықтар саны мыңға жуықтайды. Ал мұсылмандық парызын өтеген 5 отандасымыз үшін бұл соңғы сапар болды. Меккеде бақилық болғандардың барлығы сонда жерленген.

  • 8 Қазан 2015
  • 251
Фото - Caravan.kz

Қажылық сапарға барған отандастарымыздың мыңға жуығы әлі елге қайта алар емес. Олардың әуе рейстері тағы да кейінге шегеріліп жатқан көрінеді. Ал аптап ыстыққа шыдамағандарының денсаулық жағдайы нашарлай түскен. Тіпті сағаттап ұшақ күткендер әуежайда әлі де бар.

— Бұл қалай болды?! Мына жерде бізге тамақ береді деп еді, тамақты да берген жоқ жөнді. Халықтың бәрінің ақшасы таусылды. Шыдамы да таусылды. Шетінен бәрі қырылып, ауырып жатыр.

Ал Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қажылардың елге уақытылы қайта алмауының түрлі себептерін айтты. Мысалы, Сауд Арабиясындағы жаңа айдың тууына байланысты ұшу кестесі аяқасты өзгеріпті. Қажыларды әуежайға жеткізу кезінде де жүйесіздік болған.

Серікбай қажы Ораз, Қазақстанның наиб-мүфтиі:

— Сол бұрынғы график бойынша қонақүйдің  алдына автобусты әкеліп қояды. Ал, аэропортқа барса, кесте ертең бойынша ұшасыз.Сонда 1 күн бұрын қажыларды аэропортқа әкеліп қойды.

Биыл әлем бойынша 3 миллионнан астам адам мұсылмандық парызын өтеген. Адамның тым көптігінен Мекке мен Медине қалаларында ұзын-сонар кептелістер пайда болыпты. Діндарлар бұған Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі мен туристік компанияларды да кінәлап отыр.

Бауыржан Әлиұлы, Қажылық миссиясының мүшесі:

— Жете алмайсың, әуежайға жете алмайсың. Себеп әлгі біздің жаңағы Сауд Арабиясының қажылық министрлігінің үйлесімсіздігі еді. Әлгі кей турфирмалардың олақтығы. Біздің Қазақстандағы турфирмалардың да олақтығы бар.

Ал туристерді тасымалдауға жауапты «Fly Nas» компаниясы 500 адамдық әуе кемесін ақыры пайдалануға берді. Енді әуе рейстері жаңа кесте бойынша орындалмақ. Бүгін 6 сағатқа кешіккен ұшақпен 500-ге жуық қажы оралды. Ал, қалған мыңға жуық отандасымыз Медина қаласындағы халықаралық әуежайдан ұшады. Діни басқарма өкілдері қажылар алдағы дүйсенбіге дейін оралып бітеді деп отыр.

Соңғы жаңалықтар