Меккеде қаза тапқандардың қатарында Ислам ғұламалары бар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меккеде қаза тапқандардың қатарында Ислам ғұламалары бар

Меккеде қаза тапқандардың қатарында Ислам ғұламалары бар

Жүздеген жанның өмірін жалмаған Минадағы қыспақ кезінде қаншама қажы іс-түссіз кетіп, әлі күнге дейін жоғалғандардың қатарына жатқызылып келеді.

  • 6 Қазан 2015
  • 432
Фото - Caravan.kz

Дерексіз кеткендердің тізімінде бірнеше Ислам ғұламалары да бар көрінеді.

Бұл туралы www.muslim.kz сайты хабарлады.

Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанымен, із-түссіз жоғалғандарды қаза тапқандар қатарына жатқыза бастады. Солардың арасында белгілі үнді ғалымы, мүфти Мухаммед Фарук те бар. Хадис ілімі мен фиқһ саласында 50-ге кітап жазған ол 700-ден астам студент оқитын Ислам оқу ордасын басқаратын еді.

Сондай-ақ, Минадағы дүрбелең кезінде ирандық елші Газанфар Рукнабади де жоғалып кеткен. Ол 2010-2014 жылдар аралығында Ливан елінде елшілік қымет атқарған болатын. Алайда, Сауд Арабиясы билігі оның елге енген қажылар тізімі ішінде болмағанын айтып отыр. Екі ел арасындағы даудың басталуына осы оқиға себеп болған еді.

Нигерия мемлекетіндегі Майдугури университетінің ислам ғылымдары жөніндегі проффесоры Тиджани Эль-Мискин де Мина жазығында дәм-тұзы тауысылып, қасиетті мекенге жерленген.


Нигерия елінің тұңғыш әйел-редактор атанған журналист Билькису Юсуф те осы қыспақ кезінде өмірмен қош айтысты. 

Соңғы жаңалықтар