Меккеде құлаған көтергіш-кран иесі Бен Ладен компанияларына санкция салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меккеде құлаған көтергіш-кран иесі Бен Ладен компанияларына санкция салынды

Меккеде құлаған көтергіш-кран иесі Бен Ладен компанияларына санкция салынды

Сауд Арабиясының билігі Усама бен Ладеннің әкесі шейх Мохаммед бин Ладен негізін қалаған Saudi Binladin Group құрылыс компаниясына қатысты тергеу жүргізеді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Бұл шешім Меккедегі Аль-Харам мешітіндегі көтергіш-кранның құлауына байланысты шы?

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 591
Фото - Caravan.kz


Бұл шешім Меккедегі Аль-Харам мешітіндегі көтергіш-кранның құлауына байланысты шығарылды. Оқиға салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты. 
Әлемдегі басты және ең ірі мешітті қайта жаңарту, кеңейту жұмыстарын Saudi Binladin Group компаниясы жүргізгені туралы бұған дейін хабарланған болатын. 
Жергілікті БАҚ-қа сүйенсек, Сауд Арабиясының Корольдік соты сейсенбіде компанияға тергеу аяқталғанға дейін жаңа келісімшарттарға қол қоюға тыйым салды. Бұдан басқа, сот елдің қаржы министрлігіне компанияның барлық жобаларына аудит жүргізуге нұсқама беріп, Бен Ладен әулетінің кей мүшелерінен елден сыртқа шықпау туралы қолхат алды. 
Сондай-ақ, сот зардап шеккен отбасыларға 1 миллион риал (270 мың долларға жуық) өтемақы төлеуге қаулы етті.

Соңғы жаңалықтар