Меккедегі жол-көлік апаты салдарынан қажылыққа барған Қазақстанның 4 азаматы жеңіл жарақаттар алды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меккедегі жол-көлік апаты салдарынан қажылыққа барған Қазақстанның 4 азаматы жеңіл жарақаттар алды

Меккедегі жол-көлік апаты салдарынан қажылыққа барған Қазақстанның 4 азаматы жеңіл жарақаттар алды

Меккеде болған жол-көлік апаты салдарынан қажылыққа барған Қазақстанның 4 азаматы жеңіл жарақаттар алды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

  • 30 Қазан 2012
  • 594
Фото - Caravan.kz

24 қазан күні Қажылық рәсімдерін жасаудың бірінші күні басталған болатын. Ресми өкілдің айтуынша, ағымдағы жылы Қажылыққа 5,5 мың қазақстандыққа квота бөлінген болатын. Қажылық басына 5246 адам келді. ҚР Джиддадағы Консулдығы мен Эр-Риядтағы Елшілігі тарапынан Қажылар мен қазақстандық Қажы-миссиясына барлық қажетті көмектер көрсетілуде. Атап айтқанда, үлкен Қажылық топтардың келуін анықтау мен Джидда қаласындағы әуежайда күтіп алу, сонымен қоса олардың әрі қарай тұратын орындарына тасымалдауды бақылау жүзеге асырылды. Өз топтарынан қалып қойған немесе жоғалып қалған қазақстандықтарға жедел көмек көрсету де сәтті орындалуда.

«Сонымен қатар, өте көп адам шоғырлануына байланысты, Қажылық барысында форс-мажорлық жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Осылайша, 22 қазан күні Меккеде болған жол-көлік апаты салдарынан қажылыққа келген Қазақстанның 4 азаматы жеңіл жарақаттар алғанын хабарлаймыз. Бірақ, олар медициналық тексеру мен көмектен кейін өз қажылықтарын қайта жалғастырды»,-деді А. Әбибуллаев.

Осыған байланысты, Қажылық-миссиялар мен Қазақстанның туристік компанияларының жетекшілерімен бірлесе отырып күні-түні тиісті мониторинг жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар