Желі оқырмандарына Әбдікәрімованың суреттегі тұрысы ұнамай қалған.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қайрат Нұртастың Дубай қаласында өтетін концертін хабарлап, өзінің суретін жариялаған Жұлдыз Әбдікәрімова сынға қалды.
"Концерттің өтуіне бұл суреттің не қатысы бар? Сирағын сораңдатып не істеп тұр?", "Фотоларда өзгеріп бастапты ғой. Инстаграмның құдіреті ғой. Семья туралы сурет, жазбаларына қарап өзіме үлгі тұтатын едім. Мына фотона қарап ойым өзгергендей болды", "Мынау не тұрыс? Қажылыққа барып келген жоқ пе едің? Ерсісің. Жиіркеніп кеттім сен қатыннан", "Меккеге барған, Аллаға құлшылық жасайтын әйел мынадай болып жүруге бола ма екен", — деп пікір қалдырды желі оқырмандары.