Меккеге барып, көзбояушылық жасап керек емес - Баян Алагөзова - kaz.caravan.kz
  • $ 478.77
  • 548.62
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меккеге барып, көзбояушылық жасап керек емес - Баян Алагөзова

Меккеге барып, көзбояушылық жасап керек емес - Баян Алагөзова

Танымал продюсер Баян Алагузова Меккеге барып, Құдайға құлшылық еткен болып, кейін қайта ішімдікке салынатын әріптестері туралы бар шындықты айтты.

  • 31 Наурыз
  • 2
Instagram/Баян Алагөзова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, өз сенімін көпшілікке жария ететін кейбір жұлдыздар кейін исламның талаптарына сай өмір сүрмейді. Бұл туралы ол Qazaq Ordasy арнасына берген сұхбатында айтты.

«Жария түрде Меккеге барады, жария түрде Меккенің аясында селфи жасайды, жария түрде бәрін көрсетеді. Мұның бәрін осылай ашық көрсету нағыз мәдениетсіздік. Ал кейін Меккеден келген соң сол баяғы қыдыру, ішімдік ішу жалғаса береді. Бұл — екіжүзділік. Мұны біреу айтуы керек», — деді ол.

Одан кейін ол өз әріптестеріне үндеу жасады.

«Егер Меккеге баратын болсаңыздар, Құдайды алдаудың қажеті бар ма, жоқ па – мың рет ойланыңыздар. Кейін келіп алып, қайтадан ішіп, шегіп, қыдырып, боқтап, қуып жүретін болсаңыздар, олай көзбояушылықпен айналысудың қажеті жоқ», — деді ол.