Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қажылыққа барғандардың бірі журналистке хат жазған.
"Джидда жақын бір ауылдамыз. 1,5 күн түрмеде болдық. Конслагерде. Тамақсыз, сусыз үлкен кісілер қатты қиналды. Туалетке жібермеді дажі. Бұл кісілер өтірік документ жасайды екен. Өтірік қонақ үй, түгі жоқ. Қонақ үй мүлде тамақ берегн жоқ. Индиский кварталда орналасқан өте нашар қонақ үй. Общым қанша ақша берсек те дұрыс условия көрмедік. Ақша деп өліп қалған адамдар екен. Тамаққа экономдап жатыр, 3 млн 200 мыңбен келгенбіз. Самолет мақыл, тамаққа экономдаған қиын болды. Не шәй жоқ, не қайнаған су жоқ. Бұл компанияда бұнндай жағдай бірінші рет емес екен. Мамамды гостиницаға бүгін таңға жуық әкелсе, әкемді қазір таптық. Кеше қамалған жерден босатып Меккенің сыртына апарып тастаған адамдарды бөліп бөліп жан жаққа содан жоғалып жатыр", — делінген хатта.
Ал журналист аталмыш фирмаға қатысты шу 2021 жылы да болған дейді.
"Құрбан айтқа дөп түсіп қажы боламын деп Қазақстаннан Сауд Арабияға барған 80 адамның жайы осы. Визалық режимді бұзды деп айыпталып, абақтыға қамалды. Мұншы адамды қажылыққа жіберген Зәмзәм Қазақстан фирмасы. Зәм-зәм судың атын жамылып, елден ақша жинап жүрген осы компанияға қатысты дәл осындай шу 2021 жылы болған еді. Індет күйіп тұрғанда "шекарадан любойыңды өткізіп қажы қыламын" деп жалған вакцина паспортын жасатқан фирманы ұмытпаған боларсыздар?
Ол кезде "Зәмзәм" компаниясы үстінен Вакцинаның жалған сертификатын жасау дерегі бойынша (385 бап, 1-тармақ) қылмыстық іс қозғалды. Кінә дәлелденсе Ұйымдастырушылар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деген еді. Одан бері 2-ақ жыл өтті. Ұйымдастырушылар жазаланбақ түгіл инстаграмда жарнамалап сайрап отыр. Компания әлі қажылыққа аттандыру бизнесін жалғастыруда.
Бұл нені көрсетеді?
Қазақстанда ақша барда, заңға түкірдім де, қол қойдым деген сөз!
Басқаша қалай түсінуге болады?
2021 жылы осы компанияның жалған жолдамасымен 100-ден аса адам жапа шекті. Бүгін тағы 80 адам. Жапа шегуші бар, жазаланушы жоқ, сонда қалай?
Жыл басында ғана елді қан қақсатқан "Кәусар тревэлдің" оқиғасы ешкімге сабақ болмаса керек. Қажылық сапарын бизнес көзіне айналдырғандар әсіресе компанияларды кім реттейді?
Бізде қажыдан гөрі құлшылығы қабыл болмағандар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбеде", — деп жазды Гүлмира Әбіқай.