Тойдың құрметті қонағы болу үшін әлемнің әр түкпірінен Франция, Италия, Мысыр және Оңтүстік Кореядан арнайы сүңгуірлер келіпті. Ал тойдың себепкері Альберто дель Лаго мен Карла Мунгия мұхитқа да кәдімгідей салтанатпен келген. Қалыңдық ақ көйлек кисе, сері Альберто галстук тағып, қолына көйлектің жеңін тағыпты. Олар су астында тұрып, шіркеу қызметкерінің дұғасын тыңдап, сақина алмасты. Жұбайлар осы арқылы жаңа рекорд қойып, тойда өздеріне ерекше сый жасауды көптен жоспарлапты. Бір қызығы екеуінің де мамандығы суға мүлдем қатысы жоқ, кеңсе қызметкерлері екен.