Мексиканы «Арлин» дауылы әбігерге салды: 11 адам қаза тапты
Мексикада «Арлин» тропикалық дауылының салдарынан кемінде 11 адам қаза болды, деп хабарлайды РБК агенттігі. |
Зардап шеккендердің саны туралы әзірге ештеңе хабарланған жоқ.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, табиғат апатының салдарынан елдің орталығында сел жүрген, өзендер арналарынан тасыған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, Идальгода бес адам, Мехикода - екі бала, Веракузда - екі құтқарушы қаза болған. Олардың көбісі үй басып қалып, немесе су ағызып әкетіп қайтыс болғандар.
Синоптиктердің айтуынша, «Арлин» өңірді әлі біраз абыржытатын түрі бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін