Мектеп аттестатында ҰБТ алған балл ғана емес, жалпы алғанда оқу үлгерімі ескерілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп аттестатында ҰБТ алған балл ғана емес, жалпы алғанда оқу үлгерімі ескерілетін болады

Мектеп аттестатында ҰБТ алған балл ғана емес, жалпы алғанда оқу үлгерімі ескерілетін болады

Қазақстан білім және ғылым министрлігі мектеп бітірушілердің білімін бағалау ұстанымдарын өзгертпек, аттестатта бірыңғай ұлттық тестілеудің нәтижелері ғана емес,

  • 23 Сәуiр 2015
  • 718
Фото - Caravan.kz


жалпы алғанда оқу үлгерімі назарға алынатын болады, деп хабарлады білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің жетекшісі Саят Нүсіпов.
"Біз бірқатар өзгерістер дайындадық, алдағы екі-үш жылда оларды енгізе бастаймыз”, деді ол Ақтөбеде мектеп бітірушілердің ата-аналарының бірінші республикалық съезінде.”Биылдың өзінде аттестатқа ҰБТ бағасы ғана емес, орташа арифметикалық баға қойылады”, деді ол.
"Осы кезге дейін аттестатқа ҰБТ алған баға ғана қойылып келген. Мүмкін бала он бір жыл бойы жақсы оқып, соңғы бір сәтте ауырып қалып, не басқа жағдаймен ҰБТ дұрыс баға ала алмаған шығар. Сол себепті біз орташа арифметикалық баға енгізбекпіз”, деді ол.
"Келесі мәселе медальға келе жатқан балалар туралы. Кейде оларға ҰБТ кезінде бір не екі балл жетпей жатады, ондай жәйт бала мен ата –ана үшін ғана емес, мектеп, ұстаздар үшін де ауыр соққы,оқушы 11-12 жыл бойы “беске” оқыды делік, ҰБТ “кездейсоқ” төрт алып қалды, аттестатқа төрт кетуі керек, Биылдан бастап олай болмайтын шығар деп үміттенеміз, сәйкесті бұйрық дайындадық, ол қазір әділет министрлігінде тіркелуде”, деді комитет жетекшісі.
"Тағы бір мәселе әлеуметтік әділдік хақында. Оқушы үшке оқып, ҰБТ бес алса, ол жақсы оқушының грантын алып қоюы ықтимал, оған да жол бермейміз”, деді ол.