Мектеп бітіру кешінде мерекелік дастархан жаюға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп бітіру кешінде мерекелік дастархан жаюға тыйым салынды

Мектеп бітіру кешінде мерекелік дастархан жаюға тыйым салынды

Мектеп бітіру кешінде мерекелік дастархан жаюға тыйым салынды.

  • 24 Мамыр 2022
  • 20
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мектеп бітіру кеші мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс және оны білім мекемесі ұйымдастыруы қажет. «Мектеп түлектеріне мыналарға тыйым салынады: аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, суретшілерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін жеке студияларды шақыруға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, жалға берілетін автокөлік шақыруға, қала (аудан) бойынша экскурсия өткізуге, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлыққа қаражат жинауға, ойын-сауық мекемелерінде кеш ұйымдастыруға болмайды»,-деді Гүлмира Мамаева. Мектеп оқушыларының мектеп бітіру кешіне мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, түлектердің ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, демеуші ұйымдардың, облыстық білім басқармасының өкілдері, бітіру іс-шараларына мүдделі мемлекеттік органдар және басқалары қатыса алады. Жалпы, биыл Маңғыстауда мектепті 7562 түлек аяқтайды. Оның ішінде 7114-і мемлекеттік күндізгі мектептің, 59-ы жекеменшік, 389-ы кешкі мектеп түлектері. 11 сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2022 жылғы 27 мамыр – 10 маусым аралығы. «Алтын белгіге» үміткерлер барлық қорытынды емтиханды өз мектептерінде тапсырады. Аттестатты салтанатты тапсыру 16-17 маусымға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар