Бұл туралы жоспардың “педагогикалық мүмкіндік деңгейін арттыу және менеджментті жетілдіру” деп аталатын 3-ші басым бағытында айтылады.
Дұрыс және жүйелі қойылған менеджмент білім сапасын көтеріп, қоғаммен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік бермек.
Орта білім беретін мектеп мұғалімдері өз тәжірибесі туралы зерттеу жүргізіп, кемшін тұстарын жетілдіреді. Олар үшін елдегі барлық ұстаздардың басын біріктіретін педагогикалық қауымдастық жұмыс істейді. Ұстаз ұстаздың сыншы досына айналады.
Өз кезегінде мектеп басшылары да менеджмент сұрақтары бойынша білім жетілдіру курстарынан өтеді.
“Әр мектепте білім ордасының дамуын қарастыратын қамқорлық кеңесі құрылады. Қамқорлық кеңесі аясында мектеп директоры жыл сайын есеп беріп, ол мектептің сайтында жарияланады”, – делінген стратегиялық жоспарда.
Мектеп және білім басқармасы деңгейінде жетістіктерді жарнамалайтын PR-кампания да қарастырылады. Сондай-ақ, өзекті мәселелер көтеріліп, сол бойынша түрлі шешімдер қабылдайтын мектеп директорларының кеңесі де өз жұмысын бастамақ.
Әрбір мектеп өзге мектеппен серіктес ретінде тәжірибе алмасып отырады.