Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Ақпаратты әншінің өзі желідегі парақшасында "ҚұтТты болсын ағайын!" деп жариялады. Сурет 11 сынып оқулығына қойылған сыңайлы. Бірақ, бұл кітап әзіл үшін түсірілген бағдарламалардың біріне арнап шығарылған болуы мүмкін.
Дегенмен, оқырмандардың көпшілігі түбегейлі қарсы екендіктерін жарыса жазғанымен, қолдап, құттықтағандар да болды.
"Домбыра емес, калян ұстап тұрғандайсыз" деп жазды оқырмандардың бірі.
Ал кітап мұқабасына Төреғали Төреәлінің суретінің жариялатыны туралы Білім және Ғылым министрлігінен ресми мәлімет болған жоқ.