Мектеп оқушылары олимпиадасының қорытындысы шығарылды
Астанада 8-9 қаңтарда өткен қалалық мектеп оқушылары олимпиадасының қорытындысы шығырылды. №66 мектеп-лицейі мен №67 гимназиясы базасында жалпы білім беретін пән бойынша жүрген олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлады «Астана дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығы. |
Елорданың ресми сайтының мәліметінше, олимпиадаға Астана қаласының мемлекеттік және жекеменшік білім беру мекемелерінен республикалық олимпиаданың IІ (аудандық) кезеңінен І, ІІ орын алған 739 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен олимпиаданың II турына 503 оқушы өтті.
Қазылар алқасының шешімімен I орынды 44 оқушы, II орынды 87 оқушы, III орынды 137 оқушы иеленді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі мектептердің нәтижесін ерекше атауға болады: ҚТЛ (ұ), «Зерде» ДБМ, ҚТЛ (қ), №6Г, №60 МЛ, №66МЛ, №38 МЛ, №50 МЛ, №17МЛ, №1.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін