Мектеп оқушыларына Желтоқсан оқиғасы туралы әсерлі әңгіме айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп оқушыларына Желтоқсан оқиғасы туралы әсерлі әңгіме айтылды

Мектеп оқушыларына Желтоқсан оқиғасы туралы әсерлі әңгіме айтылды

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен осы шаһардағы Қожа-Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне жиырма бес жыл» атты мұғалімдер және оқушылармен кездесу болды.

  • 18 Қараша 2016
  • 1252
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Кездесуде желтоқсандық, «Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы Жүрсін Тастекеев, желтоқсандық, ақын-композитор Аманғазы Кәріпжанов және «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінен желтоқсантанушы Болатбек Төлепбергендер қатысып, тәуелсіздік белестері мен желтоқсан оқиғасы туралы мазмұнды әңгімелер айтып берді. Оқушылардың тақырыпқа сай өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап берді.

Жүрсін ТастекеевЖүрсін Тастекеев

Осы тағылымды кездесу барысында желтоқсантанушы, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналған «Қасиеттім желтоқсан!» атты жаңа кітабының таныстырылымы болды. Автор аталған кітабын мектеп кітапханасына тарту етті.

Бұл тағылымды шараны өткізуге аталған мектептегі тарих пәнінің мұғалімі Мөлдір Киізбайдың белсене атсалысқанын айта кету керек.

Мөлдір КиізбайМөлдір Киізбай

Соңғы жаңалықтар