Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық білім басқармасының өкілдері мәлімдеді. Бұған Алматыда білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салу негіз болған.
"Мектеп қабырғасында оқушылардан мереке ұйымдастыру үшін ақша жинауға үзілді-кесілді рұқсат берілмейді! Осы орайда жаңажылдық мерекеге әр мекеме өз қаражатынан осы шараға қаражат бөлген. Жаңажылдық сыйлықтар мектептерде әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға беріледі", — деп түсіндірді басқармадағылар.
"Алматы әкімдігі жаңажылдық мерекені әсерлі әрі сәнді өткізу үшін барлық жағдайды жасайды. Барлық мектептерде жаңажылдық шаралар өткізіледі: 20 желтоқсанда — бастауыш сыныптары үшін ертеңгіліктер мен ертегі әлемінен спектакльдер қойылады; 21-22 желтоқсан — ортаңғы буындар үшін жаңажылдық мерекелік шаралар ұйымдастырылады; 23 желтоқсан — жоғарғы сынып оқушылары үшін мерекелік шара ұйымдастырылады", — деді басқармадағылар.
Қазақстан Президентінің жаңажылдық шыршасы — 26 желтоқсанда өтеді, ал қала әкімінің шыршасы жетім балалар, көпбалалы отбасынан шыққандарға және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға — 27 желтоқсанда циркте өтеді.
Алайда осындай шараға қарсы болғандар да бар. Мектеп қабырғасында ақша жинаудан бөлек, сыйлық беруге де рұқсат етілмегенін естіген Желі қолданушылары наразы болған.