"Мектеп пен балабақшада намазхана болуды заңдастырыпты": Елдегі ахуал қалай болмақ? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мектеп пен балабақшада намазхана болуды заңдастырыпты": Елдегі ахуал қалай болмақ?

"Мектеп пен балабақшада намазхана болуды заңдастырыпты": Елдегі ахуал қалай болмақ?

Елде орамал мәселесіне қатысты түрлі ақпараттар тарап кетті. Оған себеп, президенттің тек мектеп табалдырығындағы оқушыларға ғана мектеп қабырғасында орамал қатысты айтқан пікірі болатын. Оны бұрмалаған халық түрлі тартыс пікір болды. 

  • 17 Қазан 2023
  • 790
Фото - Caravan.kz

Түркия елінде мектеп пен балабақшада намазхана болатыны заңдастырылған жайлы ақпарат тарады, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Түркияда мектеп пен бала бақшада намазхана болуды заңдастырыпты. Ал, бізде халықтың өзі орамал таққандарға атарға оғы жоқ болып жүр.. Демократия дейді өздері намаздағылардың құқына қол сұғып отыр. Есесіне билік хижапқа тыйым салынбайды деп еді, үш депутаттың алғашқы айбаты сөніп тынды. Тіпті, алдында арындап қарсы сөйлеген шенді әйелде, екі аптадан кейін өз қайтадан жусаннан аласа түрде хижапқа тосқауыл жоқ екенін көзге жас үйретіндей буынға түсіріп әдемілеп жеткізді! Тіпті, Ермұрат Бапидың мекрофондағы дінге қарсы шыққан баяндамасын Ерлан Қошанов ағамыз соңын күтпестен үзе салды. Аманжол Әлтаев сақ адам екен дінге тисуін қоя қойды. Міне, кім исламға қарсы болса абыройсыздыққа жақын! Өйткені, ақиқи исламның артында -Аллаһ тұр!", деп жазды. 

Айта кетейік, Астанада өткен Республикалық педагогтер съезіндегі баяндамасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі хиджаб мәселесіне қатысты пікірін айтқан болатын. 

Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс. Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек – деді.