Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазір қорғаншылық органдарының штаты да өскен.
«Биыл қаңтар айындағы мәлімет бойынша байланыс орталығына 17 400 бала жүгінген. Елдің әр өңірінде балалардың құқықтары жөніндегі арнайы уәкілдер жұмыс істейді. 2024 жылдан бастап қорғаншылық органдарындағы мамандардың саны 303 адамнан 692 адамға, яғни екі есеге артқан», — деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қорғаншылық органдарының штаттық саны бойынша норматив бекіген. Атап айтқанда, 5 мың балаға кемінде 1 маманнан бөлінді.