Мектеп түлектері биылдан бастап ҰБТ-ны үш рет тапсыра алатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп түлектері биылдан бастап ҰБТ-ны үш рет тапсыра алатын болды

Мектеп түлектері биылдан бастап ҰБТ-ны үш рет тапсыра алатын болды

Қазақстандық түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді үш рет: бір рет ақылы, қалған екі ретінде тегін тапсыратын болды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

  • 21 Ақпан 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Грантқа түсуге мүмкіндік беретін ҰБТ сәуір мен маусым аралығында өтеді, онда сізде екі тегін мүмкіндік болады (күндерде ешқандай шектеу жоқ). Осы сертификаттардың бірін шілде айында өтетін грант байқауына жібере аласыз", — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар, түлектердің тағы бір мүмкіндігі болады, ол ақылы бөлімге түскісі келетіндерге арналған.

"Наурыздағы ҰБТ ақылы бөлімге түсу үшін компьютерлік форматта өтеді. Тіркеу туралы мәліметтерді келесі аптада жариялаймыз: Сіз өзіңізге ыңғайлы күнді, тест тапсыру уақытын таңдап, наурыз айында жаңа форматты өте аласыз. Қатысу: әркімің қалауы бойынша, құны 2 242 теңге", — деді Смағұлов.


Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай, оқушылар ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижесін ЖОО-да грант ұту үшін конкурсқа жібере алады.

Соңғы жаңалықтар