Мектеп түлектері бакалаврды «Болашақпен» шетелде оқи алады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп түлектері бакалаврды «Болашақпен» шетелде оқи алады

Мектеп түлектері бакалаврды «Болашақпен» шетелде оқи алады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бакалавр деңгейінде білім алғысы келетін талапкерлер де «Болашақ» бағдарламасына қатысатынын айтты.

  • 25 Шiлде
  • 16
Фото: bolashak.gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында ведомство басшысы мұндай шешім былтыр қабылданғанын айтты.

Республикалық комиссияның сол шешімін іске асыру үшін білім туралы заңнамаға өзгеріс енгізу қажет көрінеді. 

«Былтыр жыл аяғына қарай Парламентке тиісті заң жобасын енгізгенбіз. Депутаттар қолдап, өз түзетулерін қосып, біз келіскенбіз. Үкіметтің қорытындысы парламентте жатыр. Парламенттің жаңа сессиясы басталғаннан кейін бұл іске қайта кірісеміз. Биыл заң қабылдануы керек. Осылайша „Болашақ“ бағдарламасына „бакалавриат“ санатын қайта қосамыз», — деді Саясат Нұрбек. 

Бірақ «Болашақтан» үміткер бакалавр талапкері халықаралық олимпиадаларда жүлде алған, ғылыми конкурстарда жеңімпаз атанған болуы шарт. 

Ондай сайыстардың тізімін республикалық комиссия бекітеді. 

Сондай-ақ, өз күшімен әлемнің жетекші оқу орындарынан шақырту алған мектеп оқушылары да «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады.