«Мектепте бомба бар» деп арнайы қызметті аяғынан тік тұрғызған әйел мас болған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мектепте бомба бар» деп арнайы қызметті аяғынан тік тұрғызған әйел мас болған

«Мектепте бомба бар» деп арнайы қызметті аяғынан тік тұрғызған әйел мас болған

Көкшетау жұртын тағы да «бомба қойылды» деген хабар дүрліктірді. Бұл жолы қаладағы №11мектепте жарылғыш зат бар деп белгісіз біреу телефон шалған.

  • 20 Қараша 2015
  • 282
Фото - Caravan.kz

Мұны ести сала мектепке шұғыл жеткен арнайы қызмет 480 оқушы мен 50 мұғалімді сыртқа шығарды. Иісшіл ит әкеліп, білім ошағын түгел тексеруге тура келген. Екі сағат әуре сарсаңға түскен мамандар жарылғыш зат жоқ екеніне әбден көзі жеткен соң ғана оқушылар қайта кіргізілді. Қарашаның аязы қысып тұрған күні жұртты әбігерге салған адам да алысқа ұзай алған жоқ. Мас әйел мектеп маңындағы құрбысының үйінде арақ ішіп отырып, полицияға телефон соғыпты. Қазір ол қалалық Ішкі істер басқармасының  айықтырғышында отыр. Ал бұл әрекетін арнайы қызметтерді тексеріп көрмек болдым деп түсіндірді. 

Соңғы жаңалықтар