"Мектепте оранып жүрген оқушылар қатты көбейеді". Ұстаз діни мектептердің пайда бола бастағанын айтып, дабыл қақты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мектепте оранып жүрген оқушылар қатты көбейеді". Ұстаз діни мектептердің пайда бола бастағанын айтып, дабыл қақты

"Мектепте оранып жүрген оқушылар қатты көбейеді". Ұстаз діни мектептердің пайда бола бастағанын айтып, дабыл қақты

Қазір мектепте киім дауы өте қатты.Өткен күзден бері бұл мәселені реттеу тым ауыр болды, деді белгілі ұстаз Аятжан Ахметжанұлы. 

  • 8 Маусым 2022
  • 1366
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Орамал мәселесі қайдан шықты? Қатардағы адамдарға білінбес, бұл бір актуалды мәселе көрінбес. Бірақ, бүгін мектептегі ең қиын мәселенің бірі осы киім мәселесі. Мектеп формасының бекітілген тәртібі бар. Бірақ, әр адамның діни көзқарасы, сенімі әр түрлі. Дәл осыдан қазір мектепте киім дауы өте қатты.

Өткен жылы пандемиядан шығып, оқу бастала салғанда білдім. Бұрын аса мән бермейді екенмін. Өткен күзде бұл мәселені реттеу тым ауыр болды.

Дәл қазір хиджап мәселесі неге қозғалды?

1. Хиджап киюге рұқсат бермегені үшін, өзге елге көшіп кеттік деп қағаз жасатып, бірақ, білім алмай қалып жатқан қыз балалар жылдан жылға көбейді.

2. Ресейдің немесе басқа елдердің онлайн мектептеріне тіркеліп қойып, оқыған оқымағаны белгісіз адам көбейді.

3. Кейбір құжат жүзінде қарапайым, бірақ іс жүзінде діни жеке мектептер пайда бола бастады.

Енді хиджапқа рұқсат бермесе не болады?

1. Білім алмай надан күйінде қалатын қыз балалар саны жылдан жылға көбейіп барады. Бұл мәселені елемей тастауға болмайды.

2. Мектептерде хиджап дауы өте асқынып кетті. Бұл бала құқын бұзу деген уәж екі жақтан да айтылып, балалардың сабақ процесіне кедергі келтіріп жатыр.


Ал, хиджапқа рұқсат берсе не болады?

1. Мектепте оранып жүрген оқушылар саны өте қатты көбейеді. Бұл діни мәселе оқушылар арасында қандай ықпалы болады?

2. Мектепте баланың отбасының діни көзқарасы анық киімнен білінеді. Бұл алауыздық тудырмай ма?

3. Жоғарыда шетелге онлайн кеткен, өтірік көшіп кеткен білім алмай жүрген қыз балалар мектепке оралады. Дәл қазір қарап тұрсаң былай тартсаң арба сынады. Былай тартсаң өгіз өледі. Не істемек керек?

P.S. мектептегі кей оқушының киімнің тым қысқа болуы да бас ауыруға айналды. Бұл да көп адамның агрессиясын тудырып жатыр. Негізі мектеп формасы ондай қысқа емес, бірақ, соның белін жымырып, қысқартып киіп алатын оқушылар көп. Үйінен ұзын киіп шығып, жолда басқа киімге, мини юбкаға ауыстырып киіп келетін, ата-анасы білмейтін оқушылар да көп.

Жалпы мектептегі киім мәселесін қалай реттемек керек?

Соңғы жаңалықтар