Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлайды.
Бүгін Сенатта Қоғамдық даму министрлігінің өкілдері осылай деп мәлімдеді. Әзірге бұл ұсынысты Білім және ғылым министрлігі қарастырып жатыр. Жыл басынан бері ел мектептерінде хиджаб киетін 2 жарым мың қыз бала оқып жатқаны анықталды. Олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс жүргізілгеннен кейін, бұл көрсеткіш күрт төмендеді. Сондай-ақ енді ел тұрғындары көшеде бетін жауып жүре алмайтын болады. Мұндай шешім қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Бүгін Сенат депутаттары комитет отырысында тиісті заң жобасын қолдады.
Берік Арын, ҚР Қоғамдық даму министрінің орынбасары:
– Біз жаңалық ашып отырған жоқпыз. Қазір Еуропа елдерінде ондай нормалар заңға енгізіліп тастады. Ең біріншіден, қауіпсіздік тұрғысынан қажетті нәрсе. Бұл жерде тек балаклава, паранджа, ниқабты айтып отырған жоқпыз.