«Мектептен жылап келеді»: Әйтеновтің бұрынғы әйелі балалары буллингке ұшырап жатқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мектептен жылап келеді»: Әйтеновтің бұрынғы әйелі балалары буллингке ұшырап жатқанын айтты

«Мектептен жылап келеді»: Әйтеновтің бұрынғы әйелі балалары буллингке ұшырап жатқанын айтты

Ол өзі ажырасқанда мүлікті дауламағанын айтты.

  • 18 Шiлде
  • 121
Фото - Caravan.kz

Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайы Лейла Мирас Әйтенов пен Дана Әтешованың қарым-қатынасы жайлы алғаш рет өзінің сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy -на сілтеме жасап.

«Дана Әтешованың тарапынан көп дауға мені араластыру әрекеттері болды. Мысалы, мен көп жыл бойы күйеуімнің тегінде жүрдім. Хабарласып, тегіңді өзгертші деді. Ол менен ғана емес, балалардан да қызғанатынын байқадым. Мен өмір бойы жұмыс істеп, қыздарымды үнемі әдемі киіндіретінмін. Олар демалысқа әкесіне баратын. Қызым үйге келіп, әкесі мен Дананың оның киімі үшін ұрсысып қалғанын айтты. Балалардың көзінше оған (Марат Әйтеновке-авт) «сен оларға біздің балалардан жақсы киім алып бересің» деп айтқан. Мен оны өзім де сатып алып беретінімді ойламаған сияқты», — дейді ол. 

Лейла Мирастың айтуынша, әке-шешесі ажырасқаннан кейін барлық міндет еркектің мойнына артылмауы керек. Ол Дана Әтешовамен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтты. 

«Оның екінші отбасы болған соң біліп, онымен күресуге емес, дос болуға тырысып, балаларымның бауыры көп болатынын түсіндім.  Балалармен емес, керісінше Данамен қарым-қатынас құру қиын болды. Мен ешқандай мүлікті дауламадым, таласпадым. Себебі мен үшін байлық ол – махаббат. Қазір бұл дау болып жатқан кезде менің балаларыма ауыр тиіп жатыр. Себебі ақпараттық кеңістікте олардың әкесі жайлы жалған айыптаулар жүр. Кибербуллинг пен қудалау олардың өмірін улап жатыр. Мектептен күнәра жылап келеді. Себебі олар әкесінің тегін иемденген», — деді Лейла Мирас. 

Оның айтуынша, қазір ол 5 баланы да қорғауға мүдделі. 

«Олардың соттасып жүргені де балаларға ауыр. Дананың өзі аз уақыт қалды барлығы шешіледі деп отыр. Дауға балаларды араласытру да олар үшін психологиялық тұрғыда ауыр. Бірінші жаралап, кейін емдеудің не қажеті бар», — дейді ол. 

Еске салайық, Дана Әтешова бұрынғы күйеуі, Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің өзін балаларымен бірге үйінен қуып жібергенін мәлімдеген еді. Осы оқиғадан кейін марат Әйтеновтің үстінен қылмыстық іс қозғап, 45 тәулікке қамады. Кейін Дана Әтешованың Әйтеновті ұрып жатқан видеосы тарап, Дана Әтешованың үстінен де қылмыстық іс қозғалған болатын.