Мектептер мен ауруханалар құрылысын сапасыз салуға және құрылыс жұмыстарын созып жіберуге жол берген өңір басшылары жаза жүктейді - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектептер мен ауруханалар құрылысын сапасыз салуға және құрылыс жұмыстарын созып жіберуге жол берген өңір басшылары жаза жүктейді - премьер

Мектептер мен ауруханалар құрылысын сапасыз салуға және құрылыс жұмыстарын созып жіберуге жол берген өңір басшылары жаза жүктейді - премьер

Астана. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мектептер мен ауруханалар құрылысын сапасыз салуға және құрылыс жұмыстарын созып жіберуге жол берген өңір басшылары жаза жүктейді. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2008
  • 458
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, бүгін өткен жиын барысында ол Оңтүтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдеріне жергілікті жерлерде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының жүзеге асырылуына жауапты өз орынбасарларына қатаң сөгіс жариялауды тапсырды. «Бүгін мен сіздердің орынбасарлаңызға жаза жүктеймін, ал егер бір айдан кейін жағдай өзгермесе, мен оларды жұмыстан шығару мәселесін көтеретін боламын. Ал егер одан кейін де жағдай түзетілмесе, президенттің алдына мен әкімдерді жұмыстан шығару мәселесін қоятын боламын», -деді Кәрім Мәсімов.

«Шын мәнінде, біздің көздегеніміз — адамдарды жазалау емес. Мәселе — мемлекет басшысы берген тапсырманы, халыққа берген уәдені орындауда «, -деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар