Мектептер түгел онлайнға көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектептер түгел онлайнға көшті

Мектептер түгел онлайнға көшті

Мектептер түгел онлайнға көшті.

  • 8 Желтоқсан 2023
  • 405
Фото - Caravan.kz

Қатты аяздың болжануына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы барлық оқушы онлайнға көшірілді, деп хабарлайды Kazinform.

«Ауа температурасының -37 градусқа төмендеуіне байланысты 8 желтоқсанда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», –делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті 7-8 желтоқсан күндері өңірде -38 градусқа дейін қатты аяз болатыны туралы SMS хабарлама таратқан болатын.

Еске салайық, бейсенбі, 7 желтоқсанда Көкшетау мектептерінде екінші ауысым оқушылары

мектепке барған жоқ.

Айта кетейік, ауа температурасының күрт төмендеуінен қазір Астанадан шығатын барлық республикалық жол жабық тұр.