"Мектептер жынды болып қалған, алғашқы қоңырау итке керек емес": Танымал журналист білім күніне арналған жалған, "сән-салтанатқа" толы мерекелік шаралар туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 479.38
  • 531.63
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мектептер жынды болып қалған, алғашқы қоңырау итке керек емес": Танымал журналист білім күніне арналған жалған, "сән-салтанатқа" толы мерекелік шаралар туралы

"Мектептер жынды болып қалған, алғашқы қоңырау итке керек емес": Танымал журналист білім күніне арналған жалған, "сән-салтанатқа" толы мерекелік шаралар туралы

Танымал журналист, баспагер Шыңғыс Мұқан мектептердегі алғашқы және соңғы қоңырауға қатысты өткір ойымен бөлісті.

  • 2 Қыркүйек
  • 4192
Фото - Caravan.kz

Ол мұндай жалған «сән-салтанатқа» толы жиындардан бас тарту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Баспагер өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ ДА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ДА ҚАЖЕТ ЕМЕС

Фейсбукке кіретін уақыт болмай (баспахананы күтіп тұрған он кітап алдымда жатыр және олар апта сайын көбейіп жатыр), қолым енді жетті.

Бүгін Аман мектеп табалдырығын аттады. Заманына лайық білім алсын, білімнен де маңыздысы бойына білуге деген құмарлық пен дағды дарысын.

Қызық болғанда мектепке апаратын ауылдан гүл таба алмадық.

Алматының іргесіндегі Райымбек ауылына көшіп келіп тұрып жатқанымызға 2 ай болды. Ауылда гүл сататын жер жоқ. Есік алдына еккен гүлдеріміз әлі кішкентай.

Өз ауылым есіме түсіп, күліп жатырмын. Шардараны бөліп ағып жатқан Сырдарияның сол жағалауындағы ауылдағы мектепті бітірдім. Қыркүйек пен мамырда ауылда тұратын жалғыз орыс — Валя апайдың үйіна барып, гүл сатып аламыз. Ауылда гүл тек сол кісінің үйінде болатын. Мың түтіні бар қазақ ауылда ешбір қазақ гүл екпейтін.

Ауылдан жазғы демалыстан келген студент іні-қарындастарымнан сұрап жатырмын ғой. Сөйтсем, әлі сол екен. Валя апайдың үйінде ғана гүл бар.

Сонда деймін, қазақтар неге гүл сыйлаймыз?! Кітап сыйлайық та.

Айтайын дегенім, Аманды алғашқы қоңырауға апардық. Алғашқы қоңырау біресе болады, біресе болмайды деп, мектептер де жынды болып қалған сияқты биыл. Ақыры болды.

Бардық. Балалар күннің астында қақталып біраз тұрды. Содан көкелер шығып сөйледі. Мен көлеңкеге кетіп қалдым. Балаларды аяп тұрмын. Оңтүстік аймақ ыстық болса, арқа салқындап кетіпті. Видеоларда балалар күртеше киіп дірдектеп тұрды.

Дәл осы қоңыраулардың алғашқысы да, соңғысы да итке де керек жоқ, балаларға тіпті керек емес.

Тоталитарлық Кеңес жүйесінің идеологиялық сарқыншағын әлге дейін сүйреп келе жатырмыз. Ауру қалса да әдет қалмайды деген. Не керек осындай түкке керек жоқ рәсімділік, жалған салтанат!

Балаларды күнге қақтағанды, суыққа тоңдырғанды қоятын уақыт жетті-ау, осы.

Өз басым, балаларды ендігәрі қоңыраулардың алғашқысына да, соңғысына да апармаймын», — деп жазды ол.