Мектептерде өзара сыйластық сабағын өткізу ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектептерде өзара сыйластық сабағын өткізу ұсынылды

Мектептерде өзара сыйластық сабағын өткізу ұсынылды

 

  • 24 Тамыз 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Естай атындағы мәдениет  сарайында өтіп  жатқан  дәстүрлі тамыз конференциясында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бірінші кезекте  эмоционалдық тәрбиеге ерекше мән беру керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

— Әрине, эмоционалдық тәрбиені  отбасынан бастау керек. Бұл ретте барлық жауапкершілікті мұғалімдерге жүктеп отырған жоқпын. Бірақ бүгінгі тамыз конференциясында  педагогтардың қандай үлес қоса алатыны туралы айтатын боламын. Эмоционалды тәрбиенің мақсаты — баланы өз эмоцияларын түсінуге және толық білуге үйрету. Сондай-ақ басқаларға жанашырлық таныту. Егер бала жанашырлық таныта алмаса, туған жерге және отандастарына  деген ыстық сезімді ояту қиын екені белгілі, — деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі эмоционалдық  тәрбиеге қатысты бірнеше мысалдарға тоқталып өтті. Мәселен, америкалық ғалымдардың 20 жылдан астам жүргізген зерттеулері әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары бар студенттер орта есеппен алғанда эмоционалдық  тәрбиесіз құрдастарымен салыстырғанда стандартталған тестілер бойынша 11% жоғары балл алатынын көрсеткен. 
Августовская_Презентация_Страница_07.jpg
Сонымен қатар, АҚШ және Еуропада ғалымдары да әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары бар жасөспірімдер арасында есірткі қолдану және девиантты мінез-құлық жағдайлары басқа тест-тобына қарағанда 6% аз екенін анықтаған. Ал психологиялық бұзылу жағдайлары 13,5%-ға төмен болған. 

— Жаңалықтарда жиі шығып жатқан балалардың қатысуымен болған жан түршігерлік оқиғаларды ескеретін болсақ, дәл қазір бізге қажет нәрсе осы емес пе? Ең алдымен, әрбір балабақшаның, мектептің, колледждің және университеттің қабырғаларында жағымды және қауіпсіз климат құру керек.   Ал мұны сыныптан тыс жасауға болады. Мысалы, эмпатия сабағы, өзара сыйластық сабағы немесе тіпті эмоционалды интеллект сабағы деп атауға болады. Жалпы атауы туралы ойлану керек, — деді Әбілқайыр Сқақов. 


Сондай-ақ ол мұндай сабақтарды мектеп қабырғасынан тыс, ашық аспан астында өткізуге болатынын атап  өтті. 
Августовская_Презентация_Страница_06.jpg
Естеріңізге сала кетейік,  «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және  отаншылдық қасиет» тақырыбында педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясын білім беру басқармасының facebook, Іnstagram әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында  көруге болады.