Бұл туралы Казинформ әкімнің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Енді ата-аналар анағұрлым жедел ақпаратты смартфондарына ала алады. Арнаға сілтеме (t.me/karagandagoo) білім бөлімінің ресми сайтында жарияланды kargoo.gov.kz.
«10-шы қаңтарда жарияланған өз жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев білім саласын жаңа индустриалдау талаптарына сай бейімдеу керектігін атап өткен болатын. Біз бүгінгі күннен бастап-ақ күнделікті проблемаларды шешу үшін жаңа сандық технологияларды қолдануымыз қажет. Бүгінгі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды жедел түрде мектептегі сабақтардың тоқтатылуы туралы хабарлама тарату өте маңызды міндет болып отыр», — деп мәлімдеді білім бөлімі.
Сабақтардың тоқтатығаны туралы ақпаратты күніне екі рет Telegram-арнадан оқып отыруға болады, таңертеңгі 7-ге қарай және күндізгі 12 шамасында.