"Мектептің сыртында отыр": Кербұлақ ауданының оқушылары Президенттен көмек сұрады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мектептің сыртында отыр": Кербұлақ ауданының оқушылары Президенттен көмек сұрады (ВИДЕО)

"Мектептің сыртында отыр": Кербұлақ ауданының оқушылары Президенттен көмек сұрады (ВИДЕО)

Видеодан аңғарғанымыздай, оқушылар далаға кітап-дәптерлерімен шығып, сабақ қарап отыр.

  • 10 Сәуiр 2020
  • 1650
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылмектеп ауылының оқушылары сабаққа оқуға мүмкіндік жасалмағанын айтып, Президентке үндеу жолдады, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы Skifnews.kz-ға   сілтеме жасап. 

Талдықорғандық азамат Facebook-парақшасына мектеп ауласын жағалап, Wi-Fi іздеп жүрген оқушылардың видеосын жариялады.

"Кербұлақ ауданының жастары қашықтықтан білім алуға жағдай жасап беруін сұрап, ҚР Президенті мен Алматы облысының әкіміне үндеу жолдап отыр. Өйткені оларда интернет жоқ. Қалай білім алмақ?", — делінген жазбада.

Видеодан аңғарғанымыздай, оқушылар далаға кітап-дәптерлерімен шығып, сабақ қарап отыр. Олар интернеті жоқ ауылда ыңғайын тауып, білім алуға мәжбүр.


Видеоны түсірген жастар, алдымен:

"Бұл — Қызылмектеп ауылы. Мынау біздің мектеп. Мектептің артында балалар Wi-Fi-да сабақ қарап отыр. Осылай үнемі жүреміз, өйткені мектепке кіргізбейді", — деп хал-ахуалды таныстырды.

Кейіннен мектеп жағалап, топырақ жастанып оқып жатқан олар Алматы облысының әкімі мен Президенттен көмек сұрады.

"Алматы облысының әкімінен және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қызылмектеп ауылына интернет қосып беруін сұраймыз", — деді оқушылардың бірі.

Соңғы жаңалықтар