Мемлекет ауыл шаруашылығына жыл сайын 200 млрд. теңгеден астам қаржы бөлуде - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет ауыл шаруашылығына жыл сайын 200 млрд. теңгеден астам қаржы бөлуде - Елбасы

Мемлекет ауыл шаруашылығына жыл сайын 200 млрд. теңгеден астам қаржы бөлуде - Елбасы

Мемлекет ауыл шаруашылығына жыл сайын 200 млрд. теңгеден астам қаржы бөлуде.

  • 28 Шiлде 2011
  • 469
Фото - Caravan.kz

Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматы облысының Асы жайлауында Талғар және Еңбекшіқазақ ауданындары малшыларының тойында айтты.

«2002 жылдан бері бағдарлама жасатып, ауыл шаруашылығына мемлекеттің бетін бұрдым. Жыл сайын оған бюджеттен 200 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінуде, ал егін шаруашылығына мемлекет үлкен дотация жасауда. Құлап жатқан ауылдың еңсесін көтердік. Халықтың әл-ауқаты жақсарды. Осының бәрі өздеріңіздің көз алдарыңызда өсті», — деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Ата дәстүрімен шұғылданып жатқан шопандар қауымымен жүздесіп отырғанына шексіз қуанышын білдірген Елбасы ауылдағы оң өзгерістер еліміздің барлық аймағында көрініс тауып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ ауылда қазіргі таңда жұмыс істейтін адамдардың тұрмысы жаман еместігін, олар отбасын асырап, бала-шағасын оқытатын жағдайда екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар