Мемлекет барлық меншік тұрпатындағы кәсіпорын қызметкерлерінің құқығын қорғайтын болады -Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет барлық меншік тұрпатындағы кәсіпорын қызметкерлерінің құқығын қорғайтын болады -Елбасы

Мемлекет барлық меншік тұрпатындағы кәсіпорын қызметкерлерінің құқығын қорғайтын болады -Елбасы

Мемлекет барлық меншік тұрпатындағы кәсіпорын қызметкерлерінің құқығын қорғайтын болады. Бірінші кезекте құрылыс саласындағы өнеркәсіп орындарындағы еңбек қорғау жайын қатаң қадағаланатын болады. Бұл туралы бүгін, 31-қазанда Қазақстан Республикасы кәсіподақ ұйымдары федерациясының кезектен тыс 21-сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қазан 2005
  • 547
Фото - Caravan.kz

«Баршамыз күш біріктіре отырып, жұмыс берушілерге әлеуметтік қоржын қалыптастыру қажеттігін ұғындыруымыз қажет. Бұл жалдамалы жұмысшылардың жұмысын ұйымдастырудың қазіргі заманғы жалпыұлттық нормасына айналуға тиіс»,- деді Н.Назарбаев. «Кәсіподақ ұйымдары өркениетті еңбек нарығын дамытуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс. Жұмысшы-қызметкерлердің қорғалу деңгейін осыған қарап анықтауға болады»,- деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Н.Назарбаев еңбек заңнамасын жетілдіре түсу қажеттігін атап өтті. «Кәсіподақ ұйымдарын қатыстыра отырып жаңа еңбек кодексін қабылдату — таяу уақыттардағы ең өзекті мақсат болмақ»,- деді президент.
Ол кәсіподақ ұйымдарын индустриялық- инновациялық даму стратегиясы, шағын кәсіпкерлікті және тұрғын үй құрылысын дамыту стратегиясы сынды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуға шақырды. «Кәсіподақ ұйымдары әлеуметтік ілгерілеушілік, әлеуметтік-саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтап қалу жолында аса маңызды жауапкершілік жүктейді. Біздің ортақ мақсатымыз — әрбір Қазақстан азаматына тіршілік ахуалын жақсартуға, лайықты жалақы алып, адал еңбек етуге бірдей мүмкіндіктер беруге саяды»,- деп атап өткен Н.Назарбаев бұл ретте «кіріс пен жалақы көлемінің өсуі еңбек өнімділігінің арту деңгейіне сәйкес келуіге тиіс» деп атап өтті.

Перейти к новостям спорта