Мемлекет басшысы 2004-жылғы республикалық бюджет туралы ҚР заңына қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы 2004-жылғы республикалық бюджет туралы ҚР заңына қол қойды

Мемлекет басшысы 2004-жылғы республикалық бюджет туралы ҚР заңына қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2004-жылғы республикалық бюджет туралы ҚР заңына қол қойды. Заңның мәтіні бүгін, 9-желтоқсанда ресми баспасөз беттерінде жарық көрді.

  • 9 Желтоқсан 2003
  • 643
Фото - Caravan.kz

Заң бойынша, 2004-жылға арналған республикалық бюджет мынадай көлемдерде бекітілген: түсімдер 875 896 221 мың теңге, соның ішінде кірістер 791 306 164 мың теңге, алынған ресми трансферттер 66 908 685 мың теңге, кредиттерді қайтару 17 681 372 мың теңге. Шығыстар 968 559 221 мың теңге, оның ішінде шығындар 930 652 184 мың теңге, кредиттер 37 907 037 мың теңге, бюджет тапшылығы 92 663 000 мың теңге немесе жалпы ішкі өнімнің болжамды көлемінің 1,9 процентіне тең.

Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшін төленетін жалдау ақысы республикалық бюджеттің кірісінде 4 215 750 мың теңге сомасында көрсетіледі, оның 490 560 мың теңгесі ақшалай түседі. 3 725 190 мың теңгесі ҚР мен РФ арасындағы сынақ полигондарын жалдау туралышарттарда айтылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады және оны 006 «Қару-жарақты, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйедлерін жаңғырту, сатып алу және қалпына келтіру» және 011 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімді мамандар дайындау » жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстарды көрсете отырып ҚР қорғаныс министрлігі пайдаланады. Сондай-ақ, 2004-жылға арналған республикалық бюджетте РФ-ның «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін түсімдер 17 629 500 мың теңге көлеміндегі жалдау ақысы, 9 964 500 мың теңге көлеміндегі жалдау ақысы бойынша берешек көзделген.
Заңның 11-бабына сәйкес 2004-жылға облыстық бюджеттерден және Алматы қаласының бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттік аударымдардың жалпы мөлшері 66 908 685 мың теңге, оның ішінде Атырау облысынан 24 220 657 мың теңге, Маңғыстау облысынан 11 133 594 мың теңге, Алматы қаласының бюджетінен 31 554 434 мың теңге болып белгіленді.
Сондай-ақ, құжат мәтініде атап көрсетілгеніндей, алдағы жылы ҚР президентінің жарлығымен бекітілген 2003-2005-жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асруды қамтамасыз ететін ұйымдардың жарғылық қорын ұлғайтуға 7 512 317 мың теңшге көлеміндегі қаражат көзделген.
Республикалық бюджеттерден облыстық бюджеттерге берілетін субвенциялар мөлшерінің жалпы сомасы 128 944 652 мың теңге, оның ішінде Ақмола облысына — 13 866 205 мың теңге, Ақтөбе облысына — 1 865 067 мың теңге, Алматы облысына — 13 908 593 мың теңге, Шығыс Қазақстан облысына — 14 913 135 мың теңге, Жамбыл облысына — 14 923 777 мың теңге, Батыс Қазақстан облысына — 2 494 466 мың теңге, Қарағанды облысына — 6 605 669 мың теңге, Қостанай облысына — 8 884 864 мың теңге, Қызылорда облысына — 10 629 369 мың теңге, Павлодар облысына- 1 490 669 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысына- 11 407 502 мың теңге, Оңтүстік Қазақстан облысына — 27 955 336 мың теңге болып белгіленді.
2004-жылға арналған республикалық бюджетте ҚР президентінің жарлығымен бекітілетін 2004-жылғы көші-қон квотасы бойынша келетін оралмандардың отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге 4 599 000 мың теңге көзделді. Бұл қаражат ҚР үкіметі айқындайтын тәртіппен отбасының бір мүшесіне жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш есебінен оралмандардың отбасыларына бөлінеді.
ҚР үкіметінің 2004-жылға арналған резерві 10 258 913 мың теңге, оның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардабын жою және ҚР үкіметі шешімдерімен анықталатын өзге де күтпеген шығыстар үшін 9 428 000 мың теңге, ҚР үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеу үшін 230 913 мың теңге, кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшін арнаулы резерв -600 000 мың теңге көлемінде бекітілген.
2004-жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 13 158 557 мың теңге көзделген.
Заңның 13-бабына сәйкес, 2004-жылғы 1-қаңтардан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 6 600 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері 5 800 теңге, ҚР заңдарына сәйкес, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін , сондай-ақ, айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш 919 теңге мөлшерінде белгіленген.
Бұл заң 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

Соңғы жаңалықтар