Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.
Еске салайық, 2025 жылы 30 қаңтарда АҚШ астанасы Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында жолаушылар ұшағы тікұшақпен өзенге құлағаны хабарланды.
Құтқару жұмыстары күннің қараңғы кезі мен төмен температураға байланысты қиын жүріп жатқаны хабарланды. Доннеллидің айтуынша, іздеуге 300-ге жуық құтқарушы жұмылдырылған.
Кейінірек Потомак өзеніне құлаған ұшақ бортында 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болғаны айтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бортта бірнеше мәнерлеп сырғанушы болуы мүмкін.
Колумбия округі өрт сөндіру қызметінің басшысы Джон Доннелли құтқарушылар судан 28 адамның денесін шығарғанын хабарлады.
Соңғы уақытта әлем бойынша ұшақ апаттары жиілеген. Соңғы бір ай көлемінде Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Бразилияда, Канадада ірі ұшақ апаттары орын алды.