Кездесу барысында К.Омарбаев Мемлекет басшысына ауылды, ауылдық аумақтарды және шағын бизнесті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында оң өзгерістерге қол жеткізіп отырған аудандағы істің мән-жайы туралы баяндап берді.
«Мен президентке ауыл тұрғындарының әл-ауқаты жақсарып келе жатқанын баяндадым және олар Елбасына халқымыздың игілігі жолында одан әрі табыстарға жете беруіне тілектестік білдіруде», — деді К.Омарбаев журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті