Мемлекет басшысы Алматы қаласының бірқатар нысандарын аралап көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Алматы қаласының бірқатар нысандарын аралап көрді

Мемлекет басшысы Алматы қаласының бірқатар нысандарын аралап көрді

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Алматы қаласының бірқатар нысандарын аралап көрді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарламасына сүйене отырып.

  • 12 Тамыз 2008
  • 556
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Н. Назарбаев Олимпиада ойындары ашылған Пекин қаласынан қайтқан жолда Алматыға келіп, кеше бірқатар нысандарды аралады.

Мемлекет басшысы Абай даңғылы мен Жандосов көшелерінің қиылысындағы салынып жатқан жол айрығы мен Рысқұлов даңғылы мен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы жақында пайдалануға берілген жол айрықты тамашалады. Қала әкімі Ахметжан Есімов президентті Сәтбаев пен Жандосов, Әл-Фараби мен Жароков, Райымбек пен Сүйінбай және Саин мен Төле би даңғылдары мен жолдарының қиылысындағы жолайрықтарының жобасымен таныстырды.

Алматыда осы секілді 52 жол нысаны салынатыны белгілі. Олар көліктердің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берері сөзсіз.

«Одан соң Н. Назарбаев «Райымбек групп» компаниясына тиесілі «Арзан» атты көтерме базарды аралады. Аты айтып тұрғандай, «Арзан» базарының басты ерекшелігі тамақ өнімдері мен жаппай сұраныстағы басқа да тауарлардың төмен бағасы болып табылады. Бөлшек және көтерме саудамен айналысатын базар қала тұрғындарының арасында таныла бастады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Райымбек групп» компаниясының бас директоры Ерлан Шынтөреновтың Елбасыға хабарлағанындай, өнімді өндірушілермен тікелей байланыс орнатуының арқасында, өзіндік қайта өңдеу базасының болуына байланысты «Арзан» базары төмен бағаны тұрақты ұстап тұр. Әдетте, делдалдар мен бөлшек сауда қызметінің жоғарғы құнының әсерінен Алматы дүкендеріндегі азық-түлік өнімдері 51 пайызға қымбаттайды. Ал «Арзан» көтерме базарына келер болсақ, мұндағы тауарлардың бағалары өндірушілердің бағаларынан бар-жоғы 12 пайызға ғана қымбат. Ал жалпы алғанда «Арзан» базарындағы орташа тауар бағасы «Рамстор» гипермаркеттеріндегі бағалардан 45 пайызға арзан.

Қазіргі уақытта «Райымбек групп» осындай 2 көтерме маркеттерге иелік етеді. Олар осыған тоқтап қалмай, Қазақстанның барлық облыстарының орталықтарында осындай базарларды ашуды ойластырып жатыр.

Президент бұл бизнес-жобаны инфляцияны нарықтық әдістермен төмендетудің тиімді құралы ретінде бағалады. Ол қала әкімі А. Есімовке компанияға осындай дүкендерді қаланың басқа аудандарында да ашуға көмек көрсетуді тапсырды.

«Егер мұндай көтерме базарлар Қазақстанның барлық қалаларында пайда болса, тамаша болар еді. Мен «Райымбек» компаниясының бастамаларын қолдаймын», — деді Н. Назарбаев.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, мемлекет басшысы, сондай-ақ, «Орбита» қазандығын келіп көрген. Алдағы айларда осы нысан іске қосылады. Мұнда әрқайсысы 100 гигакалория болатын қазіргі заманның 3 жылу агрегаты орнатылған. Қазандық қаланың «Орбита» ықшамауданынан бастап Достық даңғылына дейінгі бүкіл оңтүстік бөлігін жылумен жабдықтауға мүмкіндік беретін 410 гигакалория жылу беретін болады. Бұл осы аумақта жаңа құрылыстардың көптігін ескерсек, пайдасы ұшан-теңіз.

Сонымен қатар, осы күні президент өзінің Алматыдағы резиденциясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұловты қабылдады. Елдің жетекші жоғарғы оқу орнының ректоры университеттің алдағы 3 жылға арналған даму бағдарламасын мемлекет басшысына таныстырды және Қазақстандағы жоғарғы білімнің даму жолына байланысты өз ойымен бөлісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар