Мемлекет басшысы Алматыда жаңа көлік инфрақұрылымының құрылысы барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Алматыда жаңа көлік инфрақұрылымының құрылысы барысымен танысты

Мемлекет басшысы Алматыда жаңа көлік инфрақұрылымының құрылысы барысымен танысты

Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа көлік инфрақұрылымының құрылысы барысымен танысты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

  • 19 Қараша 2012
  • 320
Фото - Caravan.kz

Елбасы Саин көшесіндегі жол айрығын қарап шықты.

Қазір Саин-Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жол айрығында қозғалыстың ұзындығы 660 метрлік бөлігі ашық тоннельден өтеді. Бүгінде тоннельді әрлеу, инженерлік желілер мен монолитті коммуникациялық арналар жасау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Жұбанов және Саин көшелерінің қиылысында тоннельдер жасау және эстакада тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр. Эстакаданың ұзындығы — шамамен 340 метр, тоннельдің ұзындығы — 1180 метрден астам. Ал Жұбанов көшесі бойында қажетті жол инфрақұрылымдарын ретке келтіру іске асырылуда.

Соңғы жаңалықтар