Мемлекет басшысы "Ақтау теңіз айлағы" ЕЭА аумағын кеңейту туралы жарлыққа қол қойды - облыс әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы "Ақтау теңіз айлағы" ЕЭА аумағын кеңейту туралы жарлыққа  қол қойды - облыс әкімі

Мемлекет басшысы "Ақтау теңіз айлағы" ЕЭА аумағын кеңейту туралы жарлыққа қол қойды - облыс әкімі

АҚТАУ. 14 ақпан. Kazakhstan Today. Республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ақтау теңіз айлағы" ЕЭА қазіргі аумағы 227,1 га-дан 982,3 га-ға кеңейетіні туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы облыстық әкімшіліктің кеңейтілген мәжілісінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады. Қ.Көшербаевтың айтуынша, Елбасы құжатқа 7 ақпанда қол қойған.

  • 14 Ақпан 2007
  • 529
Фото - Caravan.kz

Әкім ЕЭА кеңейтудің мақсаты — елімізді әлемдік саудаға тарту үшін Ақтау айлағының мүмкіндігін мейлінше кең қолдану. Бұл тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, бәсекелестікті көтереді, әрі жұмыссыздық деңгейін төмендетпек.

Еркін экономикалық аймақ режимі аймақта тіркелген экономикалық субъектілерге салықтық және кедендік жеңілдіктер мен преференцияларды ұсынбақ. «Нәтижесінде 755,2 гектар қосымша экономикалық арнайы аумақта өнімдері экспортқа негізделген өндірістік кәсіпорындар жанданады»,-деп атап өтті облыс басшысы.

ЕЭА кеңейту Ақтау айлағының әлеуетін күшейту үшін қажет. Мамандардың бағалауынша, «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізінің дами түсуі Азия-Тынық мұхиты аймағы Парсы шығанағы-Иран- Каспий аймағы- Ресей- Шығыс және Батыс Еуропа елдерінен жүк тасымалын көбейтпек.

Келесі жылы қосымша аумақта бәсекелестік қабілеті бар жаңа 15 кәсіпорын қоныс тебеді.

Ал кеңейтудің аймаққа әкелетін пайдасы -субъектілерге кедендік жеңілдіктер ұсынылатын болады. Бұдан келіп жаңа кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындары ашылады, инфрақұрылымдар көркейе түседі, бюджетке салық көбірек түседі, заманауи менеджмент пен технологиялар, олардың арасында ақпараттақ кең тарап, халықтың тұрмыс деңгейі көтеріледі.

Еркін экономикалық аймақ аумағының кеңеюі қажетті қызметтерді таратады. Олардың арасында байланыс, уақытша сақтау қоймалары, техниканы сақтайтын ашық алаңқайлар, контейнерлерді жөндейтін кәсіпорындар бар. Бұлардың барлығы қала бюджетіне салықтың көптеп түсуіне әкелмек.

Ілгеріде хабарлағандай, ЕЭА қазіргі аумағында үш жоба жүзеге асырылу үстінде. Олар: «Keppel Kazakhstan» темір конструкциялар зауыты, тұрбалар дайындайтын «НефтеГазТруба» зауыты, сонымен қатар, әйнекталшықты тұрбалар шығаратын зауыт. Сонымен қатар, Индустриалды қала «Aktau Industries» атты жоба жүзеге асырылуда. Онда Каспий қайраңының инфрақұрылымын игеру орталығы орналасатын болады. Сонымен қатар, онда «Aktau Free Trade» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы бар көлік- логистикалық орталық ашу көзделіп отыр.

2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап РҚ президентінің 2002 жылдың 26 сәуіріндегі қаулысына сәйкес Маңғыстау облысында «Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағы қызмет етіп жатыр. Оның қызмет ету мерзімі 2015 жылға дейін ұзартылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті