Асқар Мамин 1965 жылы туған. Целиноград инженерлік- құрылыс институтын, Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. Инженер-құрылысшы, экономист.
Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастады. Кейіннен кәсіпкерлікпен шұғылданды. Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.
Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі, нндустрия және сауда бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
2005 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті