Елбасы алдымен концерт залын аралап көрді. Оны өрнектеуде ең жақсы акустикалық өлшемдерге қол жеткізу үшін арнайы ағаш түрлері қолданылатын болады. Аталған нысан 2009 жылдың көктемінде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі кезде құрылысшылар ішкі өңдеу, жылыту және ғимаратты қаптау жұмыстарын жүргізуде.